13:41, 26 Мамыр 2015 | GMT +5
Павлодарда ТЖ басқармасының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Кәсіпкерден пара алды деген күдікпен «Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы» ММ бастығы, өртке қарсы қызметтің полковнигі М.Романевич ұсталды, деп хабарлады Павлодар облыстық мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы Самал Ахмедьянова.

Күдікті делдалдық етуші А.Андриенко арқылы коммерциялық нысанның қолданысқа берілуі бойынша қабылдау комиссиясының актіге келісімін беруі үшін 90 мың теңге көлемінде пара алған.
Романевичтің ісі ҚР ҚК 366 бабы 3 бөлімі 4 тармағы бойынша қаралуы мүмкін.
Делдалға пара алуға ықпалдасты деген кінә тағылуы ықтимал.
Қазіргі уақытта Павлодар облыстық мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес департаменті аталған факт бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті Павлодар ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.