Павлодарда жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарға байланысты мектептен 375 адам шығарылды
АСТАНА. Сәуірдің 11-і. ҚазАқпарат – Павлодардағы №4-ші мектепке жарылғыш зат қойылғандығы туралы белгісіз біреудің хабарлауына байланысты, құтқарушылар 375 адамды қауіпсіз жерге көшірді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Телефон қоңырауы Ішкі істер департаментінің орталық пультіне түске қарай соғылған. Тексеру шаралары қортындысы бойынша жарылғыш зат табылмады.