10:52, 07 Қаңтар 2009 | GMT +5
Павлодарда жас табиғат қорғаушылардың экологиялық фестивалі өтті
ПАВЛОДАР. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда «Живи, Земля!» деген тақырыпта экологиялық фестиваль өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Павлодардағы Балалар мен жасөспірімдердің экология мен туризм орталығы «Экология. Шығармашылық. Балалар» экологиялық марафонын осынау фестивальмен қорытындылап отыр. Павлодар облысының мектептерінде жыл бойына балаларға арналған экологиялық сабақтар өткізіліп келді. Балалар мен жасөспірімдердің экология мен туризм орталығы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған үздік бұқаралық іс-шаралар өткізгені үшін 15 қалалық және ауыл мектептерінің педагогикалық ұжымдарын дипломдармен марапаттады. Қорытынды фестиваль мен туған өлке табиғатына арналған балалар суреттерінің көрмесі жас экологтарға қолдау көрсеткен павлодарлық Инновациялық Еуразиялық университетінің залында өтті.