Павлодарда жастарға діни экстремизм қалыпты дәріс арқылы емес, форум-театр әдісі арқылы түсіндірілді

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында Білім беру басқармасы, Діни істері жөніндегі басқарманың талдау және конфессияаралық қатынастарды дамыту орталығымен және «Адал» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Кежекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне «Әлеуметтік форум-театр діни эстремизм мен деструктивті дінге қарсы әрекет ету әдісі» тренингін өткізді.

Павлодарда жастарға діни экстремизм қалыпты дәріс арқылы емес, форум-театр әдісі арқылы түсіндірілді

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, дәріс пен семинарлардың орнына, келгендердің әрбірі қатыса алатын әлеуметтік форум-театр ұйымдастырылды.Тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер қойылымның бастапқы сюжетін өзгертіп, бас кейіпкерге деструктивті сектаның құрбаны болмауына көмектесті.

Аталған жобада жасөспірімдер белсенділік танытып, талдау жасады, жағдайға байланысты өз пікірлерін ортаға салды.