Павлодарда жедел басқару орталығының көмегімен 10 мыңнан астам қылмыстың беті ашылды
ПАВЛОДАР. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жедел басқару орталығының көмегімен өткен жылы 10 мыңнан астам қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылық әшкере болды, деп хабарланды ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Облыс орталығында 38 камера арқылы көшелер мен қоғамдық орындар жіті бақылауда болады. Олардың саны коммерциялық нысандарды бейнебақылау жабдығымен қамтамасыз етілуіне байланысты артуда.
Өткен жылдың қазан айында Екібастұзда 5 бейнебақылау және компьютерлік техникамен тәулік бойы стационарлық қосын ашылды.
ІІМ мәліметтер базасымен жедел басқару орталығының байланысы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және барлық оқиғаларға шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді.