Павлодарда жыл басынан бері 144 келі есірткі жойылған

ПАВЛОДАР. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының қылмыстық тергеу органдары осы жылдың бес айында героин, апиын, наша және марихуна сияқты есірткі заттарының 144 келіден астам мөлшерін жойған,
None
None

деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Әр құқық қорғау органында есірткі заттарын жою жөніндегі арнайы комиссия құрылған.

Павлодар облысы Құқықтық статистика және арнайы тіркеу комитеті басқармасының ақпараты бойынша, тағы да 114,3 келі есірткі және психотроптық заттар тәркіленген.

Соңғы жаңалықтар