Павлодарда жылдың «Ең үздік сыныбы» анықталды

ПАВЛОДАР. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -Павлодарда №29 мектептің 5 «А»» сыныбы «ең үздік сынып» деп танылды. Бұл туралы қалалық білім бөлімінен хабарлады. Қаладағы 29 мектептің оқушылар ұжымдарының арасында 10 айға созылған конкурстың үздіктері ел ордасы - Астанаға жолдама жеңіп алды.
None
None

Оқушылар конкурс аясында «Көңілашар» бағдарламасына, «Туған қалама» экологиялық акциясына және «Біз біргеміз» спорттық эстафетасына қатысты. Балалар сондай-ақ, балалар баспасөзінің фестиваліне қатысты.

Қазылар алқасы оқушылардың үлгерімін, қоғамдық істерге белсенді атсалысуларын, бос уақыттарын мазмұнды өткізулерін де ескерді. «2010 жылдың ең үздік сыныбы» конкурсының ақтық кезеңіне бес ұжым шықты, оларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Бұл конкурсты Балалар шығармашылығы орталығы мен Павлодардың білім бөлімі ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар