Павлодарда «Жылдың қайырымды адамы 2008» конкурсының жеңімпаздары анықталды

ПАВЛОДАР. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда «Жылдың қайырымды адамы 2008» конкурсының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None
Осымен бесінші рет өтіп отырған байқауға үкіметтік емес ұйымдар 100-ден астам үміткерлерді ұсынды.Олардың арасынан 30 адам жеңімпаз деп танылды. Бұл тізімнің қатарында «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамының президенті Алмаз Ибрагимов, машина жасау және картон-рубероид зауыттарының директорлары Леонид Белогривый мен Николай Шабрат бар. Құрметті атаққа ие болғандардың ішінде «Победа» және «Галицкой» жауапкершілігі шектеулі серіктестерінің директорлары Александр Поляков пен Александр Касицин, «Крендель» фирмасының иесі Зинаида Пархоменко және қашырлық кәсіпкер Гүлмира Нұрханова бар.
Соңғы жаңалықтар