Павлодардағы апаттан аман қалған ұшқыш жансақтау бөлімінде жатыр
АCТАНА. KAZINFORM — Дәрігерлердің мәліметінше, 1998 жылы туған ұшқыш аудандық ауруханадан Апаттар медицинасы орталығының санитарлық авиациясымен Павлодарға жеткізілген.
Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ер адам Павлодар қалалық №1 ауруханасының жансақтау және қарқынды терапия бөліміне түскен.
Қазір ұшқышқа қажетті ем толық көлемде көрсетіліп жатыр.
— Жансақтау бөліміндегі алғашқы тәулікте науқастың жағдайы ауыр деп бағаланады. Бұл — хаттама талабы. Алғашқы тәулікте дәрігерлер науқастың жағдайын жіті бақылайды, — деп мәлімдеді Павлодар қалалық №1 ауруханасы.
Еске сала кетейік, Ан-2 ұшағы 27 мамыр күні таңертең Павлодар облысы Железинка ауылы маңында апатқа ұшыраған болатын.