Павлодардағы жаңа көпір 2027 жылы қолданысқа беріледі — әкім есебі

АСТАНА. KAZINFORM — Жыл басынан бері Павлодарда республикалық мәні бар 196 шақырым автожол жөнделді. Бұл туралы өңір әкімі Асайын Байханов баяндады. 

Павлодардағы жаңа көпір 2027 жылы қолданысқа беріледі — әкім есебі
Фото: ОКҚ

Сонымен бірге, 445 шақырым жергілікті жол, оның ішінде елді мекендердегі көшелер жаңартылған.

— Облыс орталығында Ертіс өзені арқылы жаңа көпірдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жұмыс көлемі 52%-ға жетті, ал жобаны аяқтау 2027 жылға жоспарланған, — деді Асайын Байханов елордада Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге, қалалардың жайлылығының басты кепілі — қоғамдық көліктің дамыған жүйесі болып отыр.

— Осы бағытта айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Соңғы екі жылда 268 жаңа автобус паркке қосылып, бүгінгі таңда облыстың үш қаласындағы қоғамдық көліктің 90%-ы заманауи, кең әрі ыңғайлы автобустармен қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін жаңа автобустар саны 279-ға жетеді, — деді Асайын Байханов.

Айта кетейік, Павлодарда әлеуметтік салаға облыс бюджетінің 51% пайыздан астамы бөлінеді. Жалпы өңірде 25,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыссыздық 4,8% пайыз деңгейінде сақталып отыр.

Бұған дейін облыс әкімі Павлодар шаруалары рекордтық 1,1 млн тонна астық жинағанын айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар