08:05, 27 Маусым 2012 | GMT +5
Павлодардағы № 3 гимназияның жас математиктері - «Бастау» республикалық жарысының жүлдегерлері
ПАВЛОДАР. 27 маусым. ҚазАқпарат - Павлодардағы № 3 гимназияның командасы бастауыш сынып оқушыларының «Бастау» республикалық математикалық жарысынан табысты оралды, деп хабарлады «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының баспасөз қызметінен.

Жас зияткерлер Алматыдағы О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық физикалық-математикалық мектепте сынға түсті.
Ақтық кезеңде дайындық деңгейі бойынша үш лигаға бөлінген 43 команда біріншілік үшін таласты. Павлодардан келген екі команда да үздіктер лигасына кірді.
Жарыс қорытындылары бойынша дарынды балаларға арналған № 3 гимназия үшінші орынға лайық деп танылды. Абай атындағы № 10 мектеп-лицейінің өкілдері бесінші орыннан көрінді.