Павлодардағы ауруханада сәбиге дәрінің орнына дезинфекция жасайтын ерітінді берілген

ПАВЛОДАР. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ішек интоксикациясымен ауруханаға түскен 11 айлық сәбиге Павлодар жұқпалы аурулар ауруханасында медбике дәрінің орнына дезинфекция жасайтын ерітінді берген,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Баланың шешесі медбикенің айтқандарын орындауға тырысып, жылап қарсылық білдірген сәбиге ішкізеді. Палатадағы көршілер дәрінің дәмін өздері байқап көрмекші болады. Ол ащы болып шықты, баланың анасы шу көтереді.Асып-сасқан медбикелер баланың іш құрылысын тазартып, реанимация палатасына жатқызады. Аурухананың бас дәрігері Болат Оразғалиев оқиғаны жергілікті БАҚ өкілдеріне түсіндіре келе, тәжірибесіз медбике дәріні ерітіндімен шатастырып алғанын айтты. Әйтеуір, бала дін аман-сау.Әлгі медбике жұмыстан аластатылды. Полиция абайсыз уландыру ісі туралы тергеу жүргізуде.
Соңғы жаңалықтар