Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодардағы балалар теміржолы жаңартылуда

ПАВЛОДАР. 8 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы балалар теміржолы жаңартылуда - әкімдікте өткен кеңесте «Капитал ПВ» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Руф облыс орталығының көрнекті орындарының бірі болып табылатын балалар теміржолын қайта жаңарту жобасын таныстырды.

Павлодардағы балалар теміржолы  жаңартылуда

Фирма балалар теміржолының жанына аттракциондар, скалодром, балалардың ойын алаңдары мен дәмхана бар демалыс орталығын салуды жоспарлап отыр.

Осы маңдағы көл де тазартылып, субұрқақ салынады, саябақ және жағажай жасалады. Жобаның жұмыстары осы көктемде басталып, 2012 жылдың соңында аяқталмақ.