Павлодардағы Достық үйінде Рождестволық кездесу өтеді

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ертең Павлодардағы Достық үйінде Рождестволық кездесу өтеді.
None
None

Т.Шевченко атындағы украин мәдениеті серіктестігінің өнер ұжымдары салт-дәстүрлік әндерден, билерден және колядкалардан тұратын мерекелік концерт дайындап отыр, деп хабарлады облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының үйлестірушісі Юлия Стрельчук.

«Эльпида» грек этномәдени бірлестігінің өнер ұжымдары Рождествоның Грекияда қалай тойланатынын көрсетеді. Келесі күні олар осынау мерекені №2 мектеп-интернатында тәрбиеленетін өздерінің жас достарымен бірге атап өтеді. Грек бірлестігі қамқорлықтарына алған балалар үшін сыйлықтар мен мерекелік қойылым әзірлеп отыр.

Ал қаңтардың 9-ы күні Достық үйінде қонақтарды беларустер қарсы алады.

Соңғы жаңалықтар