Павлодардағы «қауіпті» №16 мектеп бұзылатын болды

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда өткен жылдың күзінде қабырғаларында жарықтар пайда болған №16 мектеп бұзылатын болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Құрамына төтенше жағдайлар ведомствосының қызметкерлері, геологтар, сарапшылар мен білім беру басқармасының қызметкерлері кірген комиссия 36 жыл бұрын салынған бұл ғимаратты әрі қарай пайдалану мүмкін емес деген түйінге келіп отыр. Ғимараттың іргетасы о баста технологиялық қателіктермен қаланғандықтан, ол біртіндеп шөгуде, ал қабырғаларында жарықтар пайда болған. Мектеп оқушылары өткен күзде басқа мектептерге ауыстырылған, олар сол мектептерде оқу жылының аяғына дейін оқиды.
Соңғы жаңалықтар