Павлодардағы Назарбаев зияткерлік мектебіне шет елден оқытушылар шақыртылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылында Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұстаздарының қатары 13 шетелдік маманмен толықты. Бұл туралы білім беру мекемесінің баспасөз хатшысы Рымгүл Божақанова хабарлады, деп жазады pavlodarnews.kz.
None
None

Биылғы оқу жылында мектепте 619 дарынды ұл-қыз білім алады. Жазғы демалыс кезіңде мектеп оқушылар Малайзияның Куала-Лумпур, Германияның Ахен, АҚШ-тың Стэндфорд, Лос-Анджелес қалаларында өткен халықаралық деңгейдегі элективті курстарға қатысты. -Оқу ордасындағы шәкірттер мен ұстаздар қауымы арасында ағылшын тілді ортаны қалыптастыру мақсатында АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка, Филипин, Жаңа Зеландия, Кения және Австралия елдерінен білікті мамандар шақырылды. Мұғалімдер математика, химия, биология, ағылшын тілі пәндерінен сабақ береді, - дейді Р. Божақанова.

Соңғы жаңалықтар