Павлодардағы нұротандықтар жемқорлыққа қарсы форум өткізді

ПАВЛОДАР. 13 қараша. ҚазАқпарат Вера Ливинцова/ - Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның бұл індетке бірлесе қарсы тұруы - сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресудің кепілі.

Павлодардағы нұротандықтар жемқорлыққа қарсы форум өткізді

Жұма, 12 қараша күні «Нұр Отан» ХДП павлодарлық филиалында өткен форумының басты тақырыбы міне, осындай болды. Форум жұмысына Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы бойынша қандай қызмет атқарып жатқандығы туралы «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айгүл Нұркина баяндады.

Форум барысында қаржы полициясының, облыстық прокуратуралар мен тәртіптік жауапкершілік кеңестерінің жетекшілері өз ведомстволарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі қызметтері туралы айтты.

Павлодарлық нұротандықтар «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі 2011-2020 жылдарға арн алған бағдарламасын талқылап, құжатқа өзгертулер мен қосымшалар енгізді.