Павлодардағы семинарда мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды
ПАВЛОДАР. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодарда «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің қазақстандық орталығы» АҚ-ның қызметкерлері өткізген семинарда аймақтағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту мәселелері ортаға салынды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Оның жұмысына облыс әкімінің орынбасары Арыслан Әбдіқалықов, жергілікті атқарушы органдардың, банктар мен ҮЕҰ-ның өкілдері қатысты. Олар ынтымақтастықтың түрлі формаларын, мемлекет пен бизнес арасындағы тәуекелдерді бөлісу, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті түрлі салаларда қолданудың халықаралық тәжірибесін, оны әлеуметтік секторда және инвестициялық жобаларды іске асыруда қолдану ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін талқылады.