Павлодардағы «Замандас» ардагерлер клубында Мағжан Жұмабаевты еске алу кеші өтті

ПАВЛОДАР. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат/Вера Ливинцова/ - Павлодар ардагерлері қазақтың біртуар ақыны, поэзия әлемінің жарық жұлдыздарының бірі, филолог, түріктанушы Мағжан Жұмабаевты еске алу кешін өздерінің «Замандас» клубында атап өтті.

Павлодардағы «Замандас» ардагерлер клубында Мағжан Жұмабаевты еске алу кеші өтті

«Кешке қатысушылар Мағжан кітаптарының топтамасымен танысты», - деді өз ойымен бөліскен «Замандас» клубының директоры Қабидолла Шәкәрімов.