Павлодардағы жаңа мұз айдыны жылдың кез келген маусымында ашық болады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық «Batyr mall» сауда ойын-сауық орталығында мұз айдыны ашылды, деп хабарлады ішкі саясат басқармасынан.

Павлодардағы жаңа мұз айдыны жылдың кез келген маусымында ашық болады

Жаңа мұз алаңы қаладағы «Астана» мұз сарайынан кейінгі екіншісі. Мұнда қалалықтар жылдың кез келген уақытында сырғанай алады. 400 жұп коньки хоккей ойнау және мәнерлеп сырғанау үшін прокатқа беріледі. Мұз аренасы ұлттық хоккей лигасы стандартына сай салынған

«Batyr mall» жұмысшыларының айтуынша,қараша айында орталықтың ашылуының бір жылдығы аталып өтілмек. Денис Тен осы мерекенің қонағы болады деп жоспарланып отыр.