Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодардағы жедел сатылардың жартысынан көбінің мерзімі өткен

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы лифтілердің жалпы саны 1376, оның 733-інің қолдану мерзімі өткен, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Павлодардағы жедел сатылардың жартысынан көбінің мерзімі өткен

2013 жылы лифтілерді ауыстыруға 50 млн. теңге кеткен, бұл 2012 жылға қарағанда, екі есеге көп.

Қалалық қызметтер алдағы уақытта тек жаңа тетіктер орнатпақ ниетте. Мамандардың есебі бойынша бір мерзімі өткен көтергішті қалпына келтіру орташа 1,3 млн. теңгені қажет етеді, бірақ мұның сенімділігі төмен. Әр 2-3 жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргізуге тура келеді. Ал жаңа лифт орнатуға 5 млн. жуық қаражат кетсе, 25 жыл мүлтіксіз қызмет көрсетуге кепілдік бар.

Айта кетейік, биыл Павлодарда лифт шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын іске асыру жалғасын табады.