Павлодардың қалалық саябағында отбасылық мереке өтті

ВЛОДАР. 26 шілде. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардың қалалық саябағында өткізілген «Әкем, шешем және мен - ынтымақты отбасымыз» тақырыбындағы байқау көрермендер мен жанкүйерлерді көптеп жинады,

Павлодардың қалалық саябағында отбасылық мереке  өтті

деп хабарлады білім бөлімі.

Оны «Бақыт бақшасы» жобасы бойынша «Жігер» және «Нұртас» балалар мен жеткіншектер клубтары ұйымдастырды.

Балалары аула клубтарына баратын сегіз отбасы байқау тапсырмаларын зор құлшыныспен орындады. Ересектер отбасылық дәстүрлер мен қызығушылықтары жайлы гитараның сүйемелдеуімен өлең мен жыр арқылы баяндады. «Нұртас» клубының өкілдері Дьяченко отбасының өз қызығушылықтары жайлы өлеңі барша көрерменнің жүрегіне жол тапты.

Модельдер байқауында ата-аналар мен балалар қолданыстан шығып қалған материалдардан тіккен ерекше киімдерімен ортаға шығып, сән тақырыбында батыл қиялдарымен баурады.

Одан кейін спорттық жарыстар өткізілді. Барлық отбасылық командалар тапсырмаларды ойдағыдай орындап, сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.