Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодардың қаржы полициясы алаяқтық әрекеттері мен ақша жымқырғаны үшін сот орындаушысын ұстады

ПАВЛОДАР. 19 маусым. ҚазАқпарат - Павлодар облысының сот актілерін орындау бойынша департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы алаяқтық әрекеттері арқылы ақша жымқырды деген күдікпен ұсталды,

Павлодардың қаржы полициясы алаяқтық әрекеттері мен ақша жымқырғаны үшін сот орындаушысын ұстады

деп хабарлады қаржы полициясының баспасөз қызметі.

Сот орындаушысы өндіріс жұмысының тоқталғанын біле тұрып өз тұтынушысын алдап, бюджетке 10 пайыздық мөлшерде баж салығын төлеу керек деп 40 мың теңге ақшаны қалтасына басып қалған. Алаяқ ақша алу кезінде ұсталды.

Соттың санкциясымен ол қамауға алынды, қылмыстық іс тексерілуде.