Павлодардың қаржы полициясы жол-бекеттік қызмет инспекторын 4 мың доллар пара алу күдігімен ұстады

ПАВЛОДАР. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық ТЖД жол-бекеттік қызметі бөлімінің инспекторы төрт мың доллар көлеміндегі параны алу күдігімен ұсталды,

Павлодардың қаржы полициясы жол-бекеттік қызмет инспекторын 4 мың доллар  пара алу күдігімен ұстады

 деп хабарлады экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен.

Инспектор ақшаны Т. есімді азаматқа қатысты қылмыстық істі тоқтату үшін алды. Тергеу анықтағандай, бұл істі ІІД-нің Оңтүстік полиция бөлімі зорлау фактісі бойынша қозғаған, іс жүзінде оның барлығы әдейі қолдан жасалған. Инспектор ақшаны полиция бөлімінің қызметтік тұлғаларына және «жәбірленген азаматшаға» қылмыстық істі тоқтату үшін беруі тиіс болған.

Оған қатысты алаяқтық және параны беруге араңдатушылығы үшін қылмыстық іс қозғалды.