Павлодардың «Нұр Отан» қалалық бөлімшесі қоғамдық штаб пен өкілетті органдардың сайлау бойынша қабылдау бөлмесін ашты
ПАВЛОДАР. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Кеше Павлодар қаласында ҚР Парламент Мәжілісіне сайлау бойынша қалалық қоғамдық штаб және биліктің жергілікті өкілетті органдары ашылды,
деп хабарлады «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық бөлімшесі.
Бұл жерде депутаттыққа үміткерлер мен олардың сенімді адамдары қалалықтармен, қоғамдық, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен кездесті.
Сайлауалды штаб мүшелері сайлаушыларды партияның ХIV съезінде қабылданған сайлауалды тұғырнамасы туралы ақпараттандыруды, «Нұр Отан» партиясының атынан депутаттыққа дауысқа түсіп жатқан 39 үміткердің бағдарламасы туралы айтып беруді өздерінің басты мақсаты деп санайтынын мәлімдеді. .
Павлодарда азаматтарды күн сайын қабылдайтын нұротандықтардың қоғамдық қабылдау бөлмесі де жұмыс істей бастады. Бұл жерде тіркеу жүргізіліп, сайлаушылардан түсетін талап-тілектер мен ұсыныстар жинақталып, сарапқа салынады.