Павлодардың облыстық перзентханасында әр анаға жеке блоктар ұсынылады
ПАВЛОРДАР. 4 маусым. ҚазАқпарат - Облыстық перзентхана үйінде жеке блоктар құрылған, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.
Бұл жерде әр болашақ анаға жеке бір бөлмелі палата ұсынылады. Барлық палаталар қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Бүгінгі күні мемлекет денсаулық сақтау басқармасының жүйесі тиімді дамуына ден қоюда. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының кеңестеріне сәйкес, перинатальды күтіп-бағу бағдарламасына көшу жайы қарастырылуда.
Сол талаптарының бірі - болашақ ананы жеке бөлмемен қамтамасыз ету.