Павлодардың шағын кәсіпорны ? республикалық «Парыз» конкурсының лауреаты

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – Павлодардың «Өрт қауіпсіздігі техникасы» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық конкурсында лауреат атанды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жұмыс беруші мен еңбек ұжымы арасында жасалған шарт шағын бизнес аталымында таңдаулы деп танылды. Шағын өндірісте отыз адам еңбек етеді, мұнда өрттен қорғау техникасы жөнделеді, өрт сөндіргіштер толтырылады, қосалқы бөлшектер шығарылады. Еңбек ұжымында кәсіподақ ұйымы белсенді жұмыс атқаруда. Жұмыс беруші мен қызметкерлердің еңбек шартында олардың өзара міндеттері көрсетілген, әлеуметтік кепілдіктер қарастырылған. «Өрт қауіпсіздігі техникасы» ЖШС директоры Наталья Поплавец шартта әрбір қызметкердің кәсіби дайындығы мен біліктілігін арттыруға 50 мың теңге қаралғанын атап өтті. Кәсіпорын еңбек қорғау және қауіпсіздік шараларына жыл сайын 350 мың теңге бөліп отыр. Мұнда орташа еңбекақы 38 мың теңгені құрайды, кәсіпорын өз қызметкерлерінің қымбат операциялар шығынын да мойнына алған.
Соңғы жаңалықтар