Павлодардың шағын және орта бизнес кәсіпорындары ұлттық компаниялар мен ірі кәсіпорындар үшін тауарлар шығару мен қызмет көрсетуді ұлғайтуда

ПАВЛОДАР. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы аймақтар арасында ұлттық компаниялар мен жүйеқұраушы кәсіпорындар сатып алуларының қазақстандық үлес көлемі бойынша бірінші орында тұр.

Павлодардың шағын және орта бизнес кәсіпорындары ұлттық компаниялар мен ірі кәсіпорындар үшін тауарлар шығару мен қызмет көрсетуді ұлғайтуда

Жыл басынан бері шағын және орта кәсіпорындар 541 млрд. теңгеге ірі өндірістер мен фирмаларға тауарларды жеткізу бойынша келісім-шарттарға қол қойды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көп.

Бұл деректерді ірі және шағын бизнес өкілдерінің «Қазақстандық үлес - кәсіпкерлікті дамытудың негізі» жиынында кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Қанат Шәбенов келтірді.

ШОБ кәсіпорындарында шығарылатын тауарлар көрмесі бұған көрнекі дәлел бола алады. Қысқа уақыт ішінде жуғыш құралдарының түр-түрін игерген «ҚазБытХим» жаңа кәсіпорыны өз өнімдерінің көлемін едәуір арттыруға қол жеткізді.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бойынша жаңарту және ұлттық компаниялардың тапсырыстары «Формат маш компании» ЖШС мен «Технологиялық желілер» ЖШС-да қосалқы бөлшектер мен жинақтау бұйымдарының шығарылуын жолға қоюға мүмкіндік берді.

Жиында жаңа технологияларды енгізетін және өнімнің сапасын арттыруға жұмыс істейтін кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары талқыланды.