08:25, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
Павлодардың жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы 1,5 жылға сотталды
ПАВЛОДАР. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардың №2 қалалық соты жер қатынастары жөніндегі бөлімнің бұрынғы басшысы Н.Метеневті кінәлі деп таныды.
Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 307-ші бабы бойынша жалпы режимдегі түзету колониясына 1,5 жылға кесіліп отыр. Бұрынғы шенеунік сондай-ақ үш жылға дейін мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап. Н.Метенев қызмет өкілеттігін пайдалана отырып, жер телімдерін жеке меншікке беру туралы өтініш берген 9 азаматтың құқықтарын және заңды мүдделерін бұзған. Шенеунік жіберген заң бұзушылықтар облыстық прокуратураның Ұлттық қауіпсіздік департаменті және қаржы полициясы органдарымен бірлесіп жүргізген тексеруі барысында анықталды. Сот үкімі бойынша Н.Метеневтен мемлекеттің қазынасына 122 мың теңге өндіріп алынды.