«Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ға 741 млн. теңге әкімшілік айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының соты «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ны әкімшілік жауапкершілікке тартты.
None
None

«Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарды», - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметі.

Хабарламада атап өтілгендей, ЖШС Павлодар қаласының кәсіпорындарына экономикалық тұрғыда негізсіз талап қойған. Яғни, электрмен қамту қызметін көрсетуі үшін 100% алдын ала төлем жасауды талап еткен.

Ведомство мәліметінше, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ға 741 722 000 теңге әкімшілік айыппұл салынған.

Соңғы жаңалықтар