Павлодарлық құтқарушылар көрші өңірге көмекке аттанды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM -  Павлодар облысының ТЖД күштері мен құралдары Солтүстік Қазақстан облысына жол тартты. Құтқарушылар су тасқынына қарсы шараларға атсалысып, ықтимал эвакуациялық шараларға қатысады. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады. 

көмекке аттанды
Фото: Павлодар облысы ТЖД

«ТЖД күштері мен құралдар колоннасы Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы су тасқынына қарсы іс-шараларды атқаруға аттанды. Құтқарушылар өңірдің су тасқыны қаупі бар учаскелерінде қажетті көмек көрсететін болады. Еріген суды сорып, траншеялар қазып, қаптарды дайындап және бөгеттерді нығайтады. Жағдай қиындайтын болса, құтқарушылар су басқан елді мекендерден халықты жедел құтқаруға және эвакуациялауға дайын», - деп мәлімдеді департаменттен.

Көршілес аймаққа барлығы 53 адам, қажетті құтқару жабдықтары мен жүзу құралдары бар 10 техника шықты.

Еске сала кетейік, павлодарлық волонтерлер су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға көмектесіп жүр. 

Ал Ақкөл — Жайылма алқабына су босату шарасы басталды. 

Соңғы жаңалықтар