Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодарлық соғыс ардагері 100 жасқа келді

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Ғасыр жасаған қарт майдангер Сергей Выжутович 18 жасында майданға шақырылған. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, көптеген медальмен марапатталған.

а
Фото: Валерий Бугаев

Сергей Николаевич 1926 жылғы 20 шілдеде Ресейдің Новосібір облысы Чанов ауданындағы Зем-Заимка ауылында дүниеге келген. 1944 жылдың қараша айында 18 жасында майданға шақырылып, 2-ші Беларусь майданының 44-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында соғысқа қатысты. Соғыс аяқталғаннан кейін Украинада, кейін Рига қаласындағы авиациялық полкте механик-радист болып әскери қызметін жалғастырады.

s
Фото: Валерий Бугаев

1951 жылы әскер қатарынан босатылғаннан кейін қайтадан мерзімнен тыс әскери қызметке шақырылып, 1956 жылға дейін Павлодар қаласындағы авиациялық әскери бөлімде радио жабдықтары жөніндегі механик болып қызмет атқарады. Әскери қызметін аяқтаған соң 28 жылдан астам уақыт «Павлодарпромстрой» құрылыс басқармасында еңбек етті.

d
Фото: Валерий Бугаев

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ардагерді ғасырлық мерейтойымен құттықтап, қарияның ерлігі, қайсарлығы және Отанға адал қызметі үшін алғыс білдірді.

- Сергей Николаевич - тағдыры тағылымды және рухы биік жан. Ол - бізге бейбіт өмір сыйлаған жеңімпаз ұрпақтың өкілі. Ерлігіңіз бен өнегелі өмір жолыңыз үшін Сізге зор алғыс айтамын. Қайсарлығыңыз және өмірге деген құштарлығыңыз баршамызға үлгі әрі зор құрметке лайық. Сізге зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілеймін, - деді өңір басшысы.

Еске сала кетейік, Голливудта киноға түскен тұңғыш қазақ актері 85 жасқа толды.