Павлодарлық студенттер NASA өткізетін әлемдік конкурсқа қатысады
ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодардағы ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері АҚШ-тың NASA ғарыш ұйымы жариялаған конкурстың әлемдік кезеңіне Қазақстанның атынан қатысады. Олар іріктеу турында, 3D-сайт әзірлеп, күн жүйесінің моделін ұсынған.
Қазан айының басында бүкіл әлемде NASA SPACE APPS CHALLENGE 2024 байқауының аймақтық кезеңдері өтті. Оған 152 елден 8715 команда қатысты. Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері Роман Устименко мен Жан Бейсекеев, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынов атындағы мектептің оқушысы Игорь Мартынюк команда құрып, 3D-сайт әзірледі және күн жүйесінің моделін жасады.
— Біздің студенттеріміз ең бастысы лайықты білім деңгейлерін көрсетті және әлемдік номинацияға ие болып, байқаудың келесі кезеңіне өтті. Дүние жүзіндегі 8,7 мың команданың 940-ы іріктелді, оның екеуі ғана Қазақстаннан. Екі флагмандық оқу орны — Павлодар ақпараттық технологиялар колледжі мен Астанадағы Назарбаев университеті IT мамандарын даярлау саласындағы көшбасшылық ұстанымдарын растады, — деп хабарлады ақпараттық технологиялар колледжінен.
NASA SPACE APPS CHALLENGE 2024 жаһандық төрешілігінің әлемдік кезеңі 19 қарашада өтеді. Үміткерлердің жобаларын NASA мен серіктес ғарыш агенттіктерінің сарапшы төрешілер тобы қарастырып, жаһандық финалистерді анықтайды.
Еске сала кетейік, 9-сынып оқушысы күн энергиясын пайдаланудың тиімділігін арттыратын инновациялық жоба жасады.