Павлодарлық тұрғынның мойнындағы қарызы мініп жүрген көлігінің құнынан асып түсті

Көлік салығы: Павлодарлықтар мемлекетке 650 млн теңге қарыз
Фото: freepik.com

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодарда қаржы ұйымдарының алдында 52 миллион теңгеге жуық қарызы бар көлік жүргізушісі ұсталды. Борышкер тізгіндеп жүрген Mitsubishi Outlander көлігін полицейлер айып тұрағына қойды.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Павлодар қаласындағы «Кибершериф» мобильді кешені жеке сот орындаушысымен бірлесіп Mitsubishi Outlander автокөлігін тоқтатқан.

«Мәліметтер базасын тексеру кезінде бұл көліктің иесінің мойнында 52 миллион теңгеге жуық қарызы бар екені анықталды. Азамат жол-көлік ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды, ақылы жол және салық төлемдерін ұзақ уақыт төлемей келген. Бұған қоса жеке сот орындаушыларының өзге де өндіре алмай жүрген борыштары бар болып шықты. Полицейлер көлікті мамандандырылған айып тұрағына орналастырды, иесі айыппұлдар мен өзге де қарыздарын толық төленгенше сол жерде сақталады», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, павлодарлық полицейлер иісшіл иттердің көмегімен 80 қылмысты ізін суытпай ашты.

Павлодарда жол-көлік оқиғалары 67%-ға көбейген

 

Видео: Павлодар облысы полиция департаменті

Соңғы жаңалықтар