Павлодарлық 155 мектеп оқушысының зерттеушілік және шығармашылық жобалары марапаттарға ие болды
ПАВЛОДАР. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат - /Вера Ливинцова/ - Павлодардың 37 мектебінің 1-4 сыныптары оқушыларының 155 зерттеушілік және шығармашылық жобасы VI қалалық конкурстың финалына шықты, деп хабарлады қалаық білім бөлімі.
Жас таланттардың зерттеу тақырыптары - өнер әлемі, табиғат, ғылым. Жобаларды қорғау 12 бағыт бойынша жүргізілді, олардың арасында экология, тіл білімі, математика, физика және конструкторлық, тарих және өлкетану тақырыптары бар.
Бастауыш мектептердің оқушылары дұрыс тамақтану, адамдардың өсімдіктермен және жануарлармен қарым-қатынасы, компьютер техникасының адам денсаулығына әсері, мектеп гигиенасы және вирустармен күрес тақырыптарын қозғаған. Олар ата-тек тамырына және географиялық атаулардың шығу тарихына да назар аударған.
Балалардың жобаларын құрамына Павлодардың жоғары оқу орындары мен колледждерінің оқытушылары кірген қазылар алқасы жоғары бағалады - барлық 155 жоба зерттеушілері де конкурс жүлдегерлері және лауреаттары атанды.