Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодарлық балалар «әмбебап полицейлермен» және олардың техникасымен танысты

ПАВЛОДАР. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Бастауыш сынып оқушылары «Ақылды жаяу жүргінші» акциясының кезінде павлодарлық «әмбебап полицейлермен» танысты, деп хабарлады ІІД әкімшілік полициясы басқармасынан.

Павлодарлық балалар «әмбебап полицейлермен» және олардың техникасымен танысты

Тәртіп сақшылары балаларға рациялар мен жылдамдықты өлшейтін құралдарды көрсетіп, жедел көлікті «жүргізуге» рұқсат етті және барлық сұрақтарына жауап берді.

Акцияның мақсаты - балалардың көліктің жарақаттанушылығының алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіздікті сақтау, жасөспірімдерді көліктік ортаға бейімдеу.

Өткен жылы ғана Павлодар облысының аумағында 1070 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның ішінде 142-сі балалардың қатысуымен болды. Соның салдарынан екі бала қаза тауып, 162 бала жарақаттанды.