Павлодарлық балалар жазғы демалыста зерікпейтін болады

ПАВЛОДАР. 1 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодарда балалардың аулалық клубтарының шығармашылық ұжымдары «Мерейлі жаз» мерекелік концерті өтеді,

Павлодарлық балалар жазғы демалыста зерікпейтін болады

сондай-ақ мектеп оқушылары үшін жазғы демалыстық жобалардың таныстырылымы өтеді, деп хабарлады білім бөлімінің Жұмыспен қамту және балалар шығармашылығы орталығынан.

Бос уақытты қызықты өткізудің алуан түрлі үлгілері ұсынылатын болады - балалардың әрқайсысы қаланың барлық шағынаудандарында ашылған аулалық клубтардың үйірмелері мен секцияларында ұнатқан істерімен айналыса алады. Жоспарда - табиғат аясына саяхаттар жасау, мұражайлар мен кинотеатрларға бару, қалалық фестивальдар мен Жұмыспен қамту және балалар шығармашылығы орталығының жобаларындағы спорттық және шығармашылық жарыстарға қатысу.