10:05, 26 Ақпан 2010 | GMT +5
Павлодарлық бес жасар суретші - халықаралық конкурстың лауреаты
ПАВЛОДАР. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы №2 көркемсурет мектебінің 5 жасар тәрбиеленушісі София Волынскаяға Германиядан медаль мен мақтау қағазы келді.
Соня немістің Шмидт қаласында аяқталған балалар шығармашылығы халықаралық конкурсының лауреаты атанып отыр. Неміс мамандары кішкентай дарынның «Менің отбасым» атты суретіне жоғары баға берді.
Соняның көркемсурет мектебінің студиясында оқи бастағанына 1,5 жыл болды. Ол тілі шықпай жатып, сурет сала бастаған жас дарын.
«Соняның қиялы керемет, ол ашық түсті бояуларды жақсы көреді. Оның суреттерінде үнемі жарқын жүзді, күлімсіреп тұрған адамдар бейнеленеді», дейді жас суретшінің педагогы Лариса Кузнецова.