11:51, 03 Қаңтар 2009 | GMT +5
Павлодарлық хоспис күрделі жөндеуден өтеді
ПАВЛОДАР. Қаңтардың 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – Павлодарлық хосписте күрделі жөндеу жұмыстары басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Соңғы сатыдағы онкологиялық ауруларды күтіп-бағуға арналған емдеу орнын қайырымдылықтан түскен және мемлекеттік тапсырыс бойынша алынатын қаражаттарға «Солярис» қоғамдық ұйымы құрды және қызмет етеді. Стационарды тәртіпке келтіруге облыс басшылары көмек береді. Бұл жағдай аурухана үйін онкологиялық диспансердің есебіне көшіргеннен кейін мүмкін болды. Құрылысшылар үйді қайта жөндеуден өткізеді, емделушілерге арналған палаталар жайлы болады, медициналық құрал-жабдықтар жаңартылады. Жөндеу жұмыстары кезінде қоғамдық хоспистің қызметкерлері ? дәрігерлер, психотерапевттер, невропатологтар және патронажды медбикелер аурулардың үйлеріне баруды ұйымдастырды.