Павлодарлық қаржы полициясы шенеуніктерді пара алу кезінде ұстады
ПАВЛОДАР. 9 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қалалық ТЖ жөніндегі басқармасының мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің қызметкерін қаржы полициясы 28 000 теңге көлемінде пара алып жатқан кезінде ұстады,
деп хабарлайды Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.
Ақшаны шенеунік тұрғын үйді пайдалануға беру туралы рұқсат актісін бергені үшін алыпты. Ұсталған адам үйқамақта отыр.
Қазан айында қаржы полициясының қызметкерлері Павлодар облыстық автомобиль жолдары комитеті департаментінің қызметкерін республикалық маңызы бар жолдарда жол белгілерін тездетіп орнату үшін төлқұжат бергені үшін 45 000 теңге көлемінде пара алғаны үшін құрықтаған. Пара алу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс тергелуде. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхат берді.