Павлодарлық Қаржы полициясы жарты жылда 199 қылмыстың жолын кесті

ПАВЛОДАР. 23 шілде. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық Қаржы полициясы жарты жылда 199 қылмыстың жолын кесті, оның ішінде 169 қылмыс маңыздылар санатында, деп хабарлады Павлодар облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.

Павлодарлық Қаржы полициясы жарты жылда 199 қылмыстың жолын кесті

Оның ішінде 41 жемқорлық қылмыс та бар. Мәселен, АП-162/5 түзеу мекемесінің лауазымды тұлғасына колония аумағына тыйым салынған затты өткізгені үшін 15 000 теңге көлемінде пара берген азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралуда. Сот тергеу жұмыстары аяқталған соң, ол тиісті жазасын алмақ.