Павлодарлық «Каустик» кәсіпорны - қазақстандық химия өнеркәсібінің көшбасшысы

ПАВЛОДАР. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - «Қазақстандағы бірінші хлор сілтілі өндіріс кесте бойынша жемісті жұмыс істеп келеді». Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевты «Каустик» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Орымбеков облыстық үйлестіру кеңесінің отырысы барысында осылай сендірді.
None
None

«Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшылары» қатарына кірген жаңа кәсіпорын бұрынғы павлодарлық химиялық зауыттың аумағында салынған. Жобаның құны - 108 млн. доллар.

Өндірісте экологиялық қауіпсіз әдістер қолданылады. «Uhdenora S.P.A.» (Италия) компаниясының басқару құрылғылары заманауи экологиялық талаптарға сай келеді.

«Каустик» АҚ-ның жылдық жобалық қуаты - 30 мың тонна сода, 26 мың тонна қою хлор, 45 тонна тұз қышқылын және 6,6 мың тонна натрий гипохлоридін өндіру.

Жаңа кәсіпорынды пайдалануға беру осы жылдың соңына жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар