Павлодарлық кеденшілер экономикалық контрабандашыны ұстады

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық кеденшілер қазақстан-ресей шекарасындағы «Қосақ» өткізу бекетінде Теміртау тұрғынынан декларацияланбаған 24 мың еуро мен 4 мыңнан астам доллар тәркіледі,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Вольво» көлігінің жүргізушісі толтырған декларациясында тек Новосібірге тұрақты кетіп бара жатқанын және өзімен бірге шамалы ақша бар екенін ғана көрсеткен болып шықты. Бірақ тексеру кезінде оның қалтасынан шығаруға рұқсат етілген 10 мың доллар сомадан әлдеқайда көп валюта табылады. Әлгі азаматтың түсіндіруінше, ол бұл ақшаны пәтерін сатқаны үшін алған. Бірақ та мұны растайтын құжаттары болмай шыққан. Оның үстінен экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.
Соңғы жаңалықтар