Павлодарлық кеденшілер Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқиды

ПАВЛОДАР. 19 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш өткізді, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Павлодарлық  кеденшілер  Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін  жатқа  оқиды

Кеш ақынның өзі оқыған өлең жазбаларын тыңдаудан басталды, ал облыстық кітапхана қызметкерлері ақынның шығармашылығы туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Мақатаевтың поэзиясын жақсы көретін кеденшілер - «Павлодар ЦТО» кедендік бекетінің қызметкерлері Ерік Адамжанов, Талғат Ташметов, Самат Елеусізовтер ақынның өлеңіне жазылған «Сенің көзің» әнін орындаса, Динара Жануақова мен Серік Садықов «Махаббат диалогын» оқып берді.

Бұл кештен кейін ақынның шығармашылығын жақсы көретін кеденшілердің қатары арта түскені анық.