13:26, 01 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Павлодарлық медициналық мекемелердің 30-дан астам басшысы сыбайлас жемқорлықтары үшін жауапкершілікке тартылды
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысының медициналық мекемелерінің 31 басшысы сыбайлас жемқорлық фактілері үшін жауапкершілікке тартылды, барлығы 61 адам тәртіптік жауапқа тартылды,
деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Павлодар облысының прокурорлары денсаулық сақтау басқармасында азаматтардың денсаулығын қорғау, тегін медициналық көмектің кепілдікті көлемін қамтамасыз ету, дәрі-дәрмек және жабдықтарды сатып алу заңдылықтарының сақталуына тексеру жүргізді. Сыбайлас жемқорлықтың, атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу кезінде, медициналық қалдықтарды жоюда, ауруханаларды жабдықтармен және материалдармен жарақтауда жол берілген заңсыздықтар анықталды.