Павлодарлық мектеп бітірушілердің 91 пайызы ҰБТ-ға қатысады

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Маусымның 1-і мен 10-ы аралығында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге 4649 онбірінші сыныпты бітірушілер қатысқалы отыр,

Павлодарлық мектеп бітірушілердің 91 пайызы ҰБТ-ға қатысады
бұл Павлодар облысындағы жалпы мектеп бітірушілердің 91 пайызы, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сауалнама қағаздарын толтыру үшін, бұрынғы жылдарға қарағанда биыл 30 минут қосымша уақыт берілді, дейді облыстық білім басқармасындағылар. ҰБТ көрсеткішін жыл өткен сайын жақсартып келе жатқан павлодарлық түлектер республикадағы мектептер арасында алдыңғы орында келеді. Мектеп бітірушілер өте жауапты емтиханға дайындыққа оқу жылы басталысымен-ақ кірісіп кетеді. Жасөспірімдердің басым бөлігі Павлодар мемлекеттік университетінде және басқа да оқу орындарында дайындық курстарынан өтеді.