Павлодарлық мұғалімдердің сегіз жобасы республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің жүлдегерлері атанды

ПАВЛОДАР. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Павлодарлық мектептер, балабақша және «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының сегіз жобасы VII республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінде жүлделі орындарға ие болды,

Павлодарлық мұғалімдердің сегіз жобасы республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің жүлдегерлері атанды

деп хабарлады білім басқармасынан.

 Алматыдағы фестивальге Қазақстанның дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім ұйымдарының, мектепалды, орта және қосымша білім ұйымдарының 200-ден астам педагогы қатысты.

Павлодар облысынан келген қатысушылар 27 жобаны ұсынды. «Пән мұғалімдері» аталымында бірінші орын Ақсу қаласындағы лицейдің педагогы Майгүл Сламбековаға, екінші орындар - Екібастұз қаласындағы № 7 мектеп-гимназиясының мұғалімі Марал Егінбаева мен № 1 лицейдің мұғалімі Анжелика Заблоцкаяға берілді.

Павлодарлықтар сондай-ақ, «Жаңашыл педагогтар», «Білім берудегі менеджмент жүйесі», «Мектепалды білім» аталымдарында екінші және үшінші орындарды еншіледі.

Олар ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталды.