Павлодарлық нұротандықтар 1 наурызда Ашық есік күнін өткізеді

ПАВЛОДАР. 26 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Мемлекеттік органдар басшыларының азаматтарды қабылдауға арналған ашық есік күндері 1 наурыз күні Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандарында ұйымдастырылады,

Павлодарлық нұротандықтар 1 наурызда  Ашық есік күнін өткізеді

деп хабарлады «Нұр Отан» ХДП филиалының баспасөз қызметі.

Азаматтарды қабылдаудың арнайы бір күні мемлекеттік органдардың басшыларының назарын азаматтардың арыз-шағымдары бойынша белсенді және тиімді жұмыс жасауға аударып, тұрғындармен байланысты дамытпақ.

Облыстық филиалда азаматтарды қабылдауды облыстық прокуратура, қаржы полициясы, ІІД, әділет департаменті мен өзге де оншақты басқарма мен инспекциялардың басшылары жүзеге асырады.

Партияның қалалық және аудандық филиалдарында азаматтарды қабылдауды аймақтардың мемлекеттік органдарының басшылары жүргізеді.