Павлодарлық нұротандықтар экологиялық сенбілік өткізеді

ПАВЛОДАР. 14 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық нұротандықтар қала тұрғындарын 19 наурызда экологиялық сенбілікке шығуға шақырды.

Павлодарлық нұротандықтар   экологиялық  сенбілік өткізеді

Сенбілік партияның елдімекендерді тазалау жөніндегі республикалық акциясының аясында өтеді.

"Шара аясында көшелер мен аулалардағы жиналып қалған қарлар мен қоқыстар қала сыртына шығарылады. Ертерек қимылдамаса, ол күл-қоқыстардың бәрі қар суымен Ертіске және басқа да су тоғандарына ағады, сөйтіп экологияға орны толмас зиян келтіріледі", - деп санайды сенбілікті ұйымдастырушылар.