Павлодарлық оқушы халықаралық олимпиадада күміс медаль алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында химия пәнінен өткен 51-халықаралық Менделеев олимпиадасында «Білім - инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы Темірлан Рахымов күміс медальге ие болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының мәліметінше, аталмыш білім додасына әлемнің 22 елінен 120 оқушы қатысқан. Жарыс үш кезең бойынша өткізілді: екі теориялық, бір эксперименталдық. Олимпиаданың қорытындысы бойынша бір алтынды Талдықорған қаласының оқушылары алса, үш күмісті Алматы, Тараз, Павлодар қалаларының оқушылары еншілеген.

Сондай-ақ жеті қола медаль Астана, Алматы, Тараз қалалары мен Алматы облысына бұйырған. Үш кезеңнің қорытындысы бойынша Темірлан Рахымов үздік нәтиже көрсетті. Ол химия пәнінен республиқалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы мен жүлдегері, республикалық пәндер олипиадасының алтын медаль иегері. Өткен жылы II Халықаралық Ә. Бектұров атындағы химия олимпиадасының күміс медаль иегері.

Соңғы жаңалықтар